Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 6 "Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 38 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 3829 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 10.11.2017 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17, 164-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 27-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 6 "Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3099 болып тіркелген, 2015 жылы 10 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) келесі мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы:

      1) басшы;

      2) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі;

      3) лицензиялау және аттестаттау бөлімі;

      4) әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі.";

      2) 2-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады