Мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 57 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 сәуірде № 3149 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 366 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 11.12.2015 № 366 қаулысымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
"6" наурыз 2015 жыл

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "6" наурыздағы № 57 қаулысына 1 - қосымша

Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері


Субсидиялау бағыты
1 басқа субсидия нормативі, теңге
1
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеу
4471
2
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеу
854
3
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату
3.1
сүт бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басы
59 887
3.2
сүт бағытындағы асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басы
37 429
3.3
ет бағытындағы асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басы
31 101
3.4
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған қойлар
2 877
3.5
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған жылқылар
5 046
3.6
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірулермен қамтылған түйелер
7 092

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "6" наурыздағы № 57 қаулысына 2 - қосымша

Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар


Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пункттерінің болуы;
Арнайы дайындық курстарынан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы
2
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу:
 
сүт бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басы
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігінде сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) асыл тұқымды аналық мал басы 600 бастан кем емес, орташа жылдық сауын сиыр мал басы 240 бас, бір сиырдан орташа сауылым 4000 кг кем емес болуы;
2. малдың сәйкестендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында және ақпараттық талдамалық жүйесінде тіркеу;
3. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
 
сүт бағытындағы асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басы
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігінде сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық мал басы 600 басқа дейін, орташа жылдық сауын сиыр мал басы 50 бас, бір сиырдан орташа сауылым 2500 кг кем емес болуы;
2. малдың сәйкестендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында және ақпараттық талдамалық жүйесінде тіркеу;
3. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
 
ет бағытындағы асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басы
мүйізді ірі қара малдың аналық мал басының тұқымдық түрлендіруге қатысуы;
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігінде сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналық мал басы 60 бастан кем емес болуы;
3. малдың сәйкестендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында және ақпараттық талдамалық жүйесінде тіркеу;
4. ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
 
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлар
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігінде қойдың аналық мал басы 300 бастан кем емес болуы;
қойды күтіп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы;
малдың сәйкестендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында және ақпараттық талдамалық жүйесінде тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
 
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірумен қамтылған жылқылар
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігінде жылқының аналық мал басы 35 бастан кем емес болуы;
малдың сәйкестендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
 
асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірумен қамтылған түйелер
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігінде түйенің аналық мал басы 30 бастан кем емес болуы;
малдың сәйкестендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады