Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 145 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 327 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 3355 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 31.07.2018 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 145 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3220 тіркелген, 2015 жылы 9 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қосымшасында:

      1) облыстық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесінде орыс тіліндегі мәтінде 22-тармақ осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
      2) 27-тармақ алынып тасталсын.
      2. "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғ. Дүйсембаев

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "23" қазандағы № 327 қаулысына қосымша

Облыстық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

22

Автомобиль Паз 32050r год выпуска - 1999 регистрационный номер – Е333AL

Атырауская область, город Атырау, улица Абая, дом 8

КГКП "Областной казахский драматический театр имени Махамбета Управления культуры, архивов и документации Атырауской области"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады