1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Нақпаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "30" желтоқсандағы № 395 қаулысына қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "30" желтоқсандағы № 395 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
1. Атырау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметті тұтыну нормасы
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | 1 айға жылу энергиясын тұтыну нормасы |
1 | Жылыту маусымы кезеңінде жылумен жабдықтау | Гкал/м2 | 0,024 |