Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 137 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 3134 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 19.10.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6 тармағы негізінде, Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ә.И. Шәкіровке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ізбасов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Жылыой аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
З. Қалмұханова
      "16" наурыз 2015 жыл

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "16" наурыз № 137 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

р/с

Қала, кент, ауылдық округтердің атаулары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Құлсары қаласы

Құлсары қаласы, "Кең Жылыой" мәдениет үйінің алдындағы стенд

2

Құлсары қаласы

Құлсары қаласы, "№1 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

3

Құлсары қаласы

Құлсары қаласы, "№15 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

4

Құлсары қаласы

Құлсары қаласы, "№13 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

5

Жаңа Қаратон кенті

Жаңа Қаратон кенті, "№23 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

6

Жем ауылдық округі

Жем ауылы, "№4 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

7

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылы, "№2 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

8

Қара Арна ауылдық округі

Қара Арна ауылы, "№3 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

9

Ақкиізтоғай ауылдық округі

Ақкиізтоғай ауылы, "№10 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

10

Майкөмген ауылдық округі

Майкөмген ауылы, "№17 орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады