"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Жылыой ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданының әкімі | Ж. Каражанов |
"КЕЛІСІЛДІ":
Жылыой аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 265 қаулысына 1-қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Құлсары қаласы | Махамбет даңғылы № 37 "Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кең Жылыой" Жылыой аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
Махамбет даңғылы № 136 құрылыс "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№1 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | ||
А.Қорғанбаев көшесі № 50 ғимарат "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 15 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | ||
Ж.Аймауытов көшесі № 29 ғимарат "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 13 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | ||
Қ.Ахмет Яссауи көшесі № 47 құрылыс Теміржол вокзалы ғимаратының алдында | ||
Атырау ықшам ауданындағы "Зере" дүкені ғимаратының алдында | ||
Тайманов көшесі № 167 құрылыс "Беркад" базары ғимаратының алдында | ||
"Береке" ықшам ауданы Тәуекел хан көшесі № 1 құрылыс "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "Аққайын-2" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында | ||
М.Кенғанов көшесі № 15 құрылыс "Лидер" супермаркеті ғимаратының алдында | ||
К.Закарияұлы көшесі "Мариям" дүкені ғимаратының алдында | ||
С.Шакирова көшесі № 8 құрылыс "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№8 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | ||
Ж.Нұрмұхан көшесі № 3 құрылыс "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | ||
2 | Жаңа Қаратон кенті | Б.Ержанов көшесі № 642 құрылыс "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
Б.Рзиев көшесі № 883 құрылыс "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 23 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | ||
3 | Жем ауылдық округі Тұрғызба ауылы | Бөкен би көшесі № 409 ғимарат "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 4 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
4 | Косшағыл ауылдық округі Косшағыл ауылы | Жайық көшесі № 93 ғимарат "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
5 | Қара Арна ауылдық округі Шоқпартоғай ауылы | Т.Дешенов көшесі № 378 ғимарат "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
6 | Ақкиізтоғай ауылдық округі Ақкиізтоғай ауылы | С.Аронұлы көшесі № 210 құрылыс "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 10 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
7 | Майкөмген ауылдық округі Майкөмген ауылы | А.Керейұлы көшесі № 56 құрылыс "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 265 қаулысына 2-қосымша |
Жылыой ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 43 "Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-152 болып тіркелген);
2) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 341 "Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-161 болып тіркелген);
3) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 366 "Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2754 болып тіркелген);
4) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 412 "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2979 болып тіркелген);
5) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 137 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 болып тіркелген).