Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 17.04.2015 № 235 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 6 тармағы негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа алып, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Махамбет ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
2.
Осы қаулының орындалуына бақылау жасау «Махамбет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Қалиевқа жүктелсін.
3.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Жаңабаев
Келісілді:
Махамбет аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж. Пазулов
2015 жылғы 5 қаңтар
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтар № 4 қаулысына қосымша |
Махамбет ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
№ |
Елді мекен атауы |
Орналасқан жері |
1 |
Махамбет ауылы |
«Махамбет аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімшілік ғимараты жанындағы тақта |