"Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 63 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 шілдедегі № 118 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде № 3262 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 63 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3152 тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Нарын таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасында:
      Мемлекеттік тілдегі мәтінінде 12-тармақтағы "сақтаудан" деген сөз "сатудан" деген сөзбен ауыстырылсын.
      Орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Қуанышкереевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Сұлтанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады