Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және Қызылқоға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № ХХVІІІ-2 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әжіғалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қызылқоға аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: "06" ақпан 2015 жыл |
А. Қарабаллин |
Қызылқоға ауданы мәслихатының хатшысы: "06" ақпан 2015 жыл |
Т. Бейсқали |
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "9" ақпандағы № 50 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:мемлекеттік мекеме басшысы;
жұмыспен қамту орталығының маманы;
күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелен және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
спорт құрылысы, кітапхана меңгерушісі;
мамандар (бас,аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әдістемеші, кітапханашы, психолог, менеджер, әлеуметтанушы, емдәм бикесі, медициналық бике, хореограф, үйірме жетекшісі;
3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
кітапхана,клуб меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): әртіс, әдістемеші, музыкалық жетекші, барлық атаудағы суретшілер, библиограф, бағдарламашы, мәдени ұйымдастырушы, дирижер, редактор, мұрағатшы.