Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 14.02.2018 № 30 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылқоға ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.2. "Атырау облысы Қызылқоға ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқанов |
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "31" наурыздағы №88 қаулысына қосымша |
Қызылқоға ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі
1. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. "Атырау облысы Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орнының түлектері.
4. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына қатысушылар.
5. Елу жастан асқан адамдар.