"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылқоға ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 88 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3151 санымен тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Қызылқоға" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Тұрдағалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | М. Абуов |