1. Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 115 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2884 тіркелген, 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Дендер" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы";
2) 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы бекітілсін";
3) қосымшасында:
атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы";
4) Қағиданың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Арыстан |