"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Индер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу мақсатында аудандық мәслихат ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Доспаева) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті | |
ХХІХ сессиясының төрағасы | О. Ділмұқашева |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |
| Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы "26" наурыздағы № 266-V шешіміне қосымша |