Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 232 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 қарашада № 3342 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 31.05.2017 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына және "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
       "Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
       Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің уақытша
міндетін атқарушы
Ж. Мүсепов

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "26"қазандағы № 232 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын Мақат аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

Мүліктердің атауы

Шығарылған жылы

Теңгерім ұстаушы

1

ВАЗ-21213 автокөлігі, тіркеу нөмірі 938 АК 06

2001

"Мақат аудандық Байшонас поселке әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

ВАЗ-21213 автокөлігі, тіркеу нөмірі 914 АК 06

2001

"Мақат аудандық Байшонас поселке әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

ВАЗ-212300 Шевроле Нива автокөлігі, тіркеу нөмірі 931 АК 06

2007

"Мақат аудандық Байшонас поселке әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

4

ВАЗ-212300 Шевроле Нива автокөлігі, тіркеу нөмірі 818 АК 06

2007

"Мақат аудандық Мақат кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5

Волга Газ-3102 автокөлігі, тіркеу нөмірі 830 АК 06

1999

"Мақат аудандық Доссор кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

6

ВАЗ-21213-202 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 715 ВХ

2005

"Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

7

ВАЗ-212300 Шевроле Нива автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 432 BW

2007

"Мақат аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады