Мақат ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 95 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 маусымда № 3899 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарын, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 93 "Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2907 санымен тіркелген, 2014 жылы 15 мамырда "Мақат тынысы" газетінде жарияланған);

      2) 2015 жылғы 26 қазандағы № 232 "Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3342 санымен тіркелген, 2015 жылы 12 қарашада "Мақат тынысы" газетінде жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Ж. Гумаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады