Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 қарашадағы № 302 "Мақат ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 240 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3406 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 62 қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 07 қарашадағы № 302 "Мақат ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (әрі қарай - Қаулы) 1-қосымшасына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2792 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2013 жылғы 28 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "42" жолы алып тасталсын:
      2) осы қаулының қосымшасына сәйкес "57" жолымен толықтырылсын; 3) 11-жолдағы "Атырау облысы Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 20-жолдағы "Бәйге-төбе орта мектебі" Мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Мақат аудандық білім беру бөліміне қарасты "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 26-жолдағы "Мақат ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 36-жолдағы "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің "Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Мақат аудандық филиалы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жылжымайтын мүлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Атырау облыстық филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 46-жолдағы "Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын бақылау Комитетінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау филиалының Мақат аудандық бөлімшесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х. Төлеуішовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Әділет
      министрлігінің "Жылжымайтын
      мүлік орталығы" шаруашылық
      жүргізу құқығындағы республикалық
      мемлекеттік кәсіпорынның Атырау
      облыстық филиалының директоры ___________________Р.Т. Нұғманов
      "23" қараша 2015 жыл
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі Құрылыс,
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
      істері және жер ресурстарын
      басқару комитетінің "Жер кадастры
      ғылыми-өндірістік орталығы"
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      республикалық мемлекеттік
      кәсіпорнының Атырау
      филиалының директоры ____________________________Қ.Ә. Теміров
      "23" қараша 2015 жыл

  Мақат ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "23" қараша № 240
қаулысына қосымша

Ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері


Ұйымдардың тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
57
"Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шабарман, еден жуушы, Электронды есептегіш машинасының операторы, іс жүргізуші

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады