"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 140 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3273 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 13 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Сәрсенғалиев |