Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 271 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 3224 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 216 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 22.10.2024 № 216 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Баракатов


Аудан әкімдігінің 2015
жылғы "29" мамырдағы
№ 271 қаулысына
қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

Мүліктің атауы

Шығарылған жылы

Баланс ұстаушысы

1

Газ 3302-14 автокөлігі тіркеу нөмірі Е 940 ВР

2006

"Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

2

Газ 3102-311 автокөлігі тіркеу нөмірі Е 921 ВР

2003

"Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

Ваз 21213 автокөлігі тіркеу нөмірі Е 951 ВР

2001

"Атырау облысы Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

Газ 3307 Ко-503в автокөлігі тіркеу нөмірі Е 649 AY

2000

"Тұрмыстық қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

5

Мусоровоз Ко 440-7 автокөлігі тіркеу нөмірі Е 950 ВР

2004

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

6

Вакуум Ко-505а автокөлігі тіркеу нөмірі Е 951 АХ

2004

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

7

Комбинир Ко 829а автокөлігі тіркеу нөмірі Е949АХ

2004

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады