Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 216 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 қазанда № 5231-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Құрманғазы ауданының әкімі А. Жангалиев

  Құрманғазы ауданының әкімдігі
2024 жылғы 22 қазандағы
№ 216 Қаулысына
қосымша

Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 110 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2874 болып тіркелген);

      2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 414 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2993 болып тіркелген);

      3. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 271 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3224 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады