"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 1 ұсынысына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақаш ауылдық округі "Афанасьев бекеті" елді мекеніне құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Құрманғазы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | К. Тукенов |
КЕЛІСІЛДІ: Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері: "1" сәуір 2015 жыл |
Е. Кдрсихов |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Құрманғазы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы: "1" сәуір 2015 жыл |
К. Утаров |