Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 3159 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 2 ұсынысына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Сүйіндік ауылдық округінің "Стрижка" мөлтек ауданының Жастар, Ш. Тұржанов, Шидемов, Ардагерлер, Абай көшелерінде құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
       Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Құрманғазы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
       Осы шешімнің орындалысын бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының әкім кеңесшісі А. Жахиенге жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі
ҚАТҚҚБ___________
С. Сисатов
      КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Құрманғазы
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының
бас дәрігері
__________ Е. Кдрсихов
"17" наурыз 2015 жыл
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің
Құрманғазы аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы:
___________ К. Утаров
"17" наурыз 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады