Оңтүстік Қазақстан облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 3186 болып тіркелді

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағы 6-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
«20» сәуірдегі № 106 қаулысына
қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары

Тауарлық газын тұтыну сипаттамасы

Өлшем бірлігі
3)

Тұтыну нормасы


Ас дайындауға және су ысытуға

1

Газ плитасы бар және орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыздандырылған жағдайда

Айына 1 адамға

10,0

2

Газ плитасы және газбен су ысытқыш бар (орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыздандырылмаған жағдайда)

24,4

3

Газ плитасы бар және орталықтандырылған ыстық су және газбен су ысытқыш болмаған жағдайда

14,6


Тұрғын жайларды жылытуға

4

Жеке тұрғын жайларды жылытуға

1 м2 жылыту алаңына жылыту маусымындағы айлық норма

9,4

Сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі

Газдың қолданылатын көрсеткіштері, (1 айға)

Газдың тұтыну көлемі, (кг)

1

Шымкент қаласы үшін

1.1

Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған

1 адамға

5,0

1.2

Газ плитасы және газбен су жылытатын қондырғымен қамтылған және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылмаған

1 адамға

11,0

2

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) үшін

2.1

Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған

1 адамға

7,2

2.2

Газ плитамен қамтылған және орталықтандырылған ыстық-су мен қамтылмаған

1 адамға

10,5

2.3

Газ плитасымен, газбен су жылтатын қондырғысымен қамтылған және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылмаған

1 адамға

17,6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады