Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 121-бабының 1, 4 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Магистральды құбырлар туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабының 1, 5 тармақтарына сәйкес және облыстық жер комиссиясының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 43 хаттамасы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісінің сызық бөлігі бойынан Арыс, Шымкент қалалары, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас және Шардара аудандарының аумақтары арқылы өтетін шартты желілермен шектелген, осы аймаққа кіретін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынып койылмай жалпы көлемі 2187,9607 гектар қорғау аймағының шекарасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісінің сызық бөлігінің қорғау аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес анықталсын.
3. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б.Атамқұлов
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «4» қыркүйек № 262 қаулысына
1-қосымша
Арыс және Шымкент қалаларының, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас және Шардара аудандарының аумақтары арқылы өтетін «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісінің қорғау аймақтарының жер көлемдері
№ |
Әкімшілік аумақтық бірлік |
Қорғау аймағының көлемі, га |
оның ішінде |
||||||||||
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, га |
оның ішінде: |
босалқы жерлер, га |
орман шаруашылығы жерлер, га |
су қорындағы жерлер, га |
елді мекендерінің жерлері, га |
өнеркәсіптік жерлер, га |
|||||||
суарылмайтын егістік, га |
суарылатын егістік, га |
көпжылдық екпелер, га |
жайылым, га |
өзге жерлер, га |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
1 |
Арыс қаласы |
168,8060 |
168,8060 |
12.0450 |
156,761 |
||||||||
2 |
Шымкент қаласы |
148.8819 |
148,8819 |
65.4795 |
0.6959 |
82,7065 |
|||||||
3 |
Қазығұрт ауданы |
218.5307 |
218,5307 |
31,4689 |
187,0618 |
||||||||
4 |
Сайрам ауданы |
138,9707 |
136,9208 |
58,8521 |
3.4030 |
74,6657 |
0,4820 |
1.5679 |
|||||
5 |
Сарыағаш ауданы |
268,2849 |
268,2849 |
268,2849 |
|||||||||
6 |
Төлеби ауданы |
37.4056 |
37,4056 |
37,4056 |
|||||||||
7 |
Түлкібас ауданы |
167.0956 |
167,0956 |
63,371 |
31.7354 |
0.4010 |
71,1491 |
0.4391 |
|||||
8 |
Шардара ауданы |
1039,9853 |
139,4283 |
14.5540 |
123,5996 |
1.2747 |
900,5570 |
||||||
Облыс бойынша |
2187,9607 |
1285,3538 |
231,2165 |
50,3883 |
0.4010 |
1001,6342 |
1,7138 |
0,4820 |
900,5570 |
1.5679 |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «4» қыркүйек № 262 қаулысына
2-қосымша
«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісінің сызық бөлігінің күзет аймақтарында жерді пайдалану режимі
«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының сызық бөлігінің қорғау аймақтарының шегінде:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.