Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 385 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/376-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 3473 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1)-тармақшасына сәйкес Шымкент қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      Абай ауданы бойынша:
      Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Абдраш Назарбеков көшесі;
      Қызылжар шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Сейітжан Құртаев көшесі;
      Әл-Фараби ауданы бойынша:
      Наурыз шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Әбдіш Тоқсанбаев көшесі;
      Еңбекші ауданы бойынша:
      Ұлағат шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Керім Тленшин көшесі;
      Қаратау ауданы бойынша:
      Тұран шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Балғабай Байжігітов көшесі.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б.Атамқұлов

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Әбішов

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    Қ.Ержан

      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады