"Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 36 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте № 3343 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Мулкемановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "03" қыркүйектегі
№ 36 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономика, бюджеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы № 6 үй, индекс 160011.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егерде "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты, аудандық коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) Шымкент қаласының бюджетінің атқарылуы туралы есептерін дайындау және құрастыру;
      3) аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асырады;
      2) жергілікті бюджеттерді облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді;
      3) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжайды;
      4) есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      5) қала бюджетінің жобасын жасайды және оны қаланың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
      6) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
      7) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізеді;
      9) артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет ақшасын басқарады;
      11) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      12) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсынады;
      13) әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен көзделген басқа да есептерді береді;
      14) есепті қаржы жылына қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады;
      15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
      16) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 154-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады және қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
      17) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингті және бағалауды жүзеге асырады;
      18) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүзеге асырады;
      19) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдайды;
      20) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-бабында көзделген жергілікті бюджеттердің түсімдерін болжауды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімдік фискалдық саясат негізінде жүзеге асырады;
      21) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      22) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
      23) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
      24) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      25) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
      26) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
      27) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
      28) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      29) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      30) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, қала, облыс әкімінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің тапсырмаларын орындайды.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) міндеттелген функцияларды атқару үшін мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрайды және алады;
      2) бұйрықтар шығарады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтаруды және қаржыландыруды тоқтатуды қамтамасыз етеді;
      4) қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден, сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттің атқарылу туралы есептерді алады;
      5) жеке және заңды тұлғалармен келісім-шартқа тұрады, өзара міндеттемелерінің сипаты мен шарттарын анықтайды;
      6) "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына жататын мәселелер бойынша қала әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, қала әкімдігінің қаулыларының, сонымен қатар, қалалық мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шымкент қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда өз құзырына жататын қоғамның акционерлерінің жалпы жиналыстарының мәселелерін шешуге қатысады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      5) сенімхаттар береді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтық-құқықтық келісімдерге қол қояды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес қызметкерлерді марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады