"Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 56 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 қазанда № 3354 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 565 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 16.03.2016 № 565 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Қ.Әбдінұровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 56 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ғ.Іляев көшесі 66 "А" үй, индексі 160011.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Шымкент қаласы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыру.
      15. Міндеті: қала аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.
      2) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
      3) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын береді;
      4) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді.
      5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
      7) заң актілеріне сәйкес қаланың коммуналдық меншігін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      8) қаланың коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, қалаішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
      9) қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
      10) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін бөлуін ұйымдастырады;
      11) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
      12) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
      13) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
      14) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
      15) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
      17) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
      18) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
      19) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      20) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және қаланың жергiлiктi өкілді органына бекітуге ұсынады;
      21) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және қаланың жергiлiктi өкілді органына бекітуге ұсынады;
      22) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
      23) қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      24) қаланы санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      25) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтiп ұстау;
      26) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      27) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      28) Тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді қабылдаған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына ену;
      29) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және қала аумағындағы көріктендіру ержелерін бұзуға сондай-ақ қала инфрақұрылымдары нысандарының бұзылуына жол бермеу;
      30) қаладағы сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;
      31) жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай) амалсыз алып тастауға, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық кесуге, ландшафтық кесуге, діңгегін тазалауға рұқсат беру;
      32) қаланың коммуналдық меншігіндегі қала көшелерін, саябақтарды, скверлерді, ирригация жүйелерін, ұңғымаларды және фонтандарды, көпшілік пайдаланатын жерлер мен көріктендіру, ескерткіш нысандарын өз дәрежесінде күтіп ұстауды ұйымдастыру;
      33) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты рәсімдеу және беру;
      34) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалға алушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану бойынша шаралар қабылдау;
      35) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу;
      36) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
      37) қала аумағындағы көлік аялдамаларын орнату, көріктендіру және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру;
      38) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау- сметалық құжаттамалар, техникалық экономикалық негіздер жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіру;
      39) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
      40) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар жүргізу.
      41) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) мемелекеттік органдардан және басқада мекемелерден "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату;
      4) "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне қатысты қала әкімнің өкімін, қала әкімдігінің қаулысын, шешімін және маслихат жобаларын даярлауға қатысу;
      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуда, инвестицияларды тартуда ортақ стратегияны қалыптастыру және іске асыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңды тұлға ретінде барлық құқықтарды пайдалану;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады