Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
2. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 19/114-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2386 нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 9 қарашадағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Е.Сарбасов |
Арыс қалалық мәслихатының 2 маусым 2015 жылғы № 40/238-V шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.2. Әлеуметтік көмек Арыс қаласының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтарға көрсетіледі.
1. Жалпы ережелер
3. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын қаланың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі-жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
14) отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді.
15) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – ШАК тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
16) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
17) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
4. Осы қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Арыс қаласы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне көрсетіледі:
1) 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күні) - "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне" орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерiне біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, соларға теңестірілген адамдарға және тыл еңбеккерлеріне біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 1 маусым "Балаларды қорғау күніне" орай – үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 1 қазан "Халықаралық қарттар мен мүгедектер күніне" орай – 80 жастан асқан қарт адамдарға, мүгедектерге, жалғызілікті зейнеткерлерге біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) жаңа жылдық шыршаға мүгедек балаларға біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:1) ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларына, жұмысқа қабiлетсiз аз қамтамасыз етiлген мүгедектерге бiржолғы 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне, ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларына, жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйiне зиян келтiруiне байланысты бiржолғы 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) туберкулез ауруының жұқпалы түрi бар азаматтарға ай сайын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Адамның Имун Тапшылығының Вирусы жұқтыру немесе Жұқтырылған Имун Тапшылығының Синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне, жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үйiн жөндеуге бiржолғы 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
6) мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлеріне, батыр аналар, мүгедектерге, мұқтаж жауынгер –Ауғандықтарға, Чернобыль АЭС-ның апатын жоюға қатысушыларына біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жартыжылдықта;
7) үйде оқып және тәрбиеленетiн мүгедек балаларға ай сайын 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
8) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:
серуендеуге арналған қоларбаға 60 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
бөлмеге арналған қоларбаға 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
9) зейнет жасындағы азаматтарға және мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуге жолдама алу үшiн жылына бiр рет 40 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күн көріс денгейіне еселік қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін қалалық мәслихат бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 30.10.2015 № 45/274-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
12. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Арыс қаласы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларға (одан әрі-Үлгілік қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
15. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткерге ШАК тағайындаудың шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.
Әңгімелесу жүргізу кезінде:
үміткердің ШАК алуға құқығы;
отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді.
16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
24. Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
Осы қағиданың 19 және 20 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
26. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталады.
27. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
28. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
29. ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бірмезгілде төленеді.
30. ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
31. ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
32. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және ерікті қоныс аудару, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де шаралар арқылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейді.
33. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың ШАК тағайындаудың міндеттемелерін, сондай-ақ скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу бойынша міндеттемелерді қамтиды.
34. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
35. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін қалалық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
36. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Арыс қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
37. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда;
5) әлеуметтік келісімшарттың және отбасының белсенділігін арттырудың келісімшартында көрсетілген міндеттемелерін бұзылуы және (немесе) орындалмауы;
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
38. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
39. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" және "Социальная помощь" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша |
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер_________________________ ________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _________________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
ШАК тағайындау үшін әңгімелесу парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә.______________________________________________Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде
шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн _____________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс
орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы мүшелері | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері | Жалпы жұмыс өтілі | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағдылары мен шеберлігі | Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы |
Өтініш беруші | | | | | | |
Зайыбы (жұбайы) | | | | | | |
Басқа ересектер | | | | | | |
Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші: ______________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы): ___________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: _________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ____________________________ _____________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі маманының бағасы_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі
келтіреді _________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басқа _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы(лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 3-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. "___" ____________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан
қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек): _____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_____________________________________________________________________
________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
мәлімделген табыс) __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:_____________________ ___________________
Комиссия мүшелері:_____________________ ___________________
_____________________ ___________________
_____________________ ___________________
_____________________ ___________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні ____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 4-қосымша |
Учаскелік комиссияның 20__ ж. ___ ______ № ______ қорытындысы
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерінбелгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерінің негізінде
_____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 5-қосымша |
ШАК тағайындау бойынша отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшартын тіркеу журналы
Р/с № | Тіркеу нөмірі | Өтініш берушінің Т.А.Ә. | Мекенжайы | Сомасы | Өтініш берушінің қолы | Ескертпе |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |