"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 48/333-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 3513 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 6/32-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 08.07.2016 № 6/32-VI шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2375 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйектегі "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      7 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "4) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне" орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      7 тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Е.Нышанбекұлы
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Момынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады