2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 3040 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 334 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 26.01.2016 № 334 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      4. «Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы қаулыны Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Абуовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.О.Тұрбеков 

Мақтарал ауданы әкімдігінің
22 қаңтар 2015 жылғы
№ 32 қаулысына қосымша

2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері 

қ/с

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздері

1

Қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің

Көркейту, көгаландыру, аймақтарды тазалау

541

180 гектар

Аудандық бюджет

Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату

24

30000 дана

Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмілетке толмағандардың арасында құқықты бұзұды алдын алу
(«Сақшы» және «Тәртіп»)

25

Қала, кенттер және ауылдық округтері аумағында

Аудандық бюджет

2

«Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекмесі

Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу, құжаттарды көбейту және тарату

10

3000 дана

Аудандық бюджет


Жалпы


600



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады