"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 696 "Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2950 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Отырар алқабы" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде 16-тармақтың 27) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Жунисовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Полатов |