1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Отырар ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Айтаханов |
Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 31 мамырдағы № 178 қаулысына қосымша |
Отырар ауданы әкімдігінің күші жойылған нормативтік құқықтық қаулылардың
тізбесі
1. Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2827 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 48 (7950) нөмірінде жарияланған) қаулысы;2. Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 696 "Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2950 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2 (7961) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
3. Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 17 "Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3032 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8 (7967) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
4. Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 21 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3079 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 14 (7973) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
5. Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 23 "Отырар ауданының ауыл округтері әкімі аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 14 (7973) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
6. Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 200 "Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ветеринария" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 696 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3204 болып тіркелген, "Отырар алқабы" газетінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 24 (7983) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
7. Отырар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 142 "Отырар ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3697 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2016 жылғы 17 сәуірдегі № 22 (8028) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
8. Отырар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 146 "Отырар ауданының ауыл округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 9 ақпандағы 2015 жылғы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 болып тіркелген "Отырар алқабы" газетінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 17 (8028) нөмірінде жарияланған) қаулысы.