"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1119 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 674 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2810 тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда "Мәртөбе" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспеде:
"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | У.Қайназаров |