Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 283 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 тамызда № 3815 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 31 шілдедегі № 287 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 31.07.2017 № 287 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Сайрам ауданы әкімдігінің төменде аталған қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Сайрам ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 674 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2810 тіркелген, "Мәртөбе" газетінің 03.10.2014 жылы жария етілген);

      2) Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 409 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Сайрам ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 674 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3225 тіркелген, "Мәртөбе" газетінің 10.07.2015 жылы жария етілген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Сапарбаев

  Сайрам ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "05" шілдедегі
№ 283 қаулысына қосымша

Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы (меншік нысанына қарамай) жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың күніне ақы төлеу мөлшері (теңге)

Мемлекеттік

Жеке 


Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (көп емес)

1

Балабақша, бөбекжай

760

6484

26555,1

326,9

410,9

2

Мектепке дейінгі шағын орталық

551

0

9927,0

326,9

410,9

      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады