2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 68 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 наурызда № 3064 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 685 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 27.01.2016 № 685 хатымен).

      Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      4. «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсiн.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                А.Аймұрзаев

Созақ ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 68 қаулысымен бекітілген

2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi

қ/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыс түрлері

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздерi

1

«Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты экологиялық сауықтыру көріктендіру

15

70 000 шаршы метр

аудандық бюджет

2

«Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

141

3700 үй

аудандық бюджет

3

«Созақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

41

2100 үй

аудандық бюджет

4

«Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

31

800 үй

аудандық бюджет

5

«Жартытөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

31

500 үй

аудандық бюджет

6

«Сызған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

32

692 үй

аудандық бюджет

7

Қарақұр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

25

384 үй

аудандық бюджет

8

«Қаратау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

22

330 үй

аудандық бюджет

9

«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

21

160 үй

аудандық бюджет

10

«Тасты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

16

93 үй

аудандық бюджет

11

«Шу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

12

74 үй

аудандық бюджет

12

«Таукент кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

15

676 үй

аудандық бюджет

13

«Қыземшек кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауыл округінің әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

15

530 үй

аудандық бюджет

14

Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ-сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу

20

10080 шаршы метр

аудандық бюджет

15

Оңтүстік Қазақстан облысы «Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу

10

4480 шаршы метр

аудандық бюджет

16

«Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

үйде әлеуметтік күтімге алынған және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге жәрдемдесу

5

98 жалғызілікті қарттар, 96 мүгедек балалар

аудандық бюджет

17

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Созақ ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

мұрағат кiтаптарын iшiнара жаңғырту, кiтаптарды тiгуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша iздеу салу

5

600 іс-құжат, 800 үй, 200 сұраным

аудандық бюджет

18

«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер Департаменті Созақ ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары)

43

12 ауылдық округ аумағында

аудандық бюджет


Барлығы:


500



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады