"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 241 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 293 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қазанда № 3365 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 25 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 25 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 241 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3114 тіркелген, 2015 жылы 22 сәуірдегі "Созақ үні" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
       9 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "6) аз қамтамасыз етілген отбасыларға біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
       9 тармағы 10), 11), 12) тармақшаларымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      "10) күтім көрсетуге мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
      "11) өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтарға біржолғы 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
      "12) жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
сессиясының төрағасы
І.Омар
      Аудандық мәслихатының хатшысы Б.Байғараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады