Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі аппаратының 25.01.2016 № 7-188 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Төлеби аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. «Төлеби ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Бейсебаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің уақытша
міндетін атқарушы М.Пернебеков
Төлеби ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 ақпандағы
№ 79 қаулысымен бекітілген
2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
№ |
Ұйымдардың атауы |
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
15 |
Көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау – 30000 шаршы метр, көшеттерді отырғызу – 300 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу - 2000 шаршы метр, дуалдарды ақтау – 5000 шаршы метр, дуалдарды жөндеу – 5000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
2 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі |
15 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 1000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 400 бет, хат-хабарды жеткізу – 550 хат |
Аудандық бюджет |
3 |
«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Төлеби ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
42 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 900 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хат-хабарды жеткізу – 450 хат |
Аудандық бюджет |
4 |
Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Төлеби аудандық «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
25 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 1000 бет, факс жіберу – 100 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хат-хабарды жеткізу – 300 хат |
Аудандық бюджет |
5 |
Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Төлеби аудандық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
15 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 3000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 500 бет, хат-хабарды жеткізу – 700 хат |
Аудандық бюджет |
6 |
Төлеби ауданы әкімдігі тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар, көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ленгір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
20 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 3000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 500 бет, хат-хабарды жеткізу – 700 хат |
Аудандық бюджет |
7 |
«Ленгір қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 2000 бет, факс жіберу – 500 бет, мәтіндерді басу және шығару – 1000 бет, хат-хабарды жеткізу – 400 хат |
Аудандық бюджет |
8 |
«Алатау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 60000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
9 |
«Аққұм ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
10 |
«Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 90000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
11 |
«Зертас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
12 |
«Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
13 |
«Кемеқалған ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
14 |
«Киелітас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 60000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
15 |
«Көксәйек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 70000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
16 |
«Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
17 |
«Қасқасу ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 50000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
18 |
«Қоғалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 45000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
19 |
«Тасарық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
15 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту – 60000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
20 |
Төлеби аудан әкімдігі «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Әлеуметтік жәрдемақыларға құжаттарды рәсімдеу базаға мәліметтерді енгізу – 1500 іс, құжаттарды тігу – 800 іс, мұрағат құжаттарын өңдеуге көмек көрсету – 600 іс |
Аудандық бюджет |
21 |
«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық филиалы |
6 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 3000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 500 бет, хат-хабарды жеткізу – 700 хат |
Аудандық бюджет |
Барлығы: |
413 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.