«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халық пiкiрiн ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 15 шілдедегі қорытындысы негiзiнде, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ленгер қаласы Қазығұрт шағын ауданындағы № 5 көшесі Идаят Айтқұлов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төлеби ауданының әкімі Ә.Тұрғымбеков
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Исабеков
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ә.Шыңғысбаев