"Түлкібас аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 27/7-05 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 39/7-05 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде № 3142 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 3/19-06 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 30.06.2016 № 3/19-06 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 2-26-3/613 хатына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 27/7-05 "Түлкібас аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 тіркелген, 2014 жылғы 26 мамырдағы "Шамшырақ" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Түлкібас аудандық мәслихатының регламентінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Қалдыкөзов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады