Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қаңтарда № 2995 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 мамырдағы № 200 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 06.05.2016 № 200 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түлкібас ауданында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi төмендегідей белгіленсін.
      1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
      2) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 21.12.2015 № 602 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      3) ауылдық жерлерде тұратын әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы М.Жанесен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады