«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының заңының 37 бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 8 желтоқсандағы 1993 жылғы Қазақстан Республикасының заңының 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес, 2014 жылғы 17 қарашадағы Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, тұрғындардың пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Пістелі ауылындағы Пістелі көшесінің атауы Лес Қоқыров көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.
3. осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізідеді.
Жаскешу ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы Н.А.Қалымбетов