Шардара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 42-254-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 3249 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 9 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 14.01.2016 № 9 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) және аудан әкімінің мәлімдемесіне сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шардара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға қажеттiлiктi ескере отырып, 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       К.Әбдікерім

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Т.Бердібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады