Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласы және Октябрьское ауылындағы Уба өзенінің, шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласы және Октябрьское ауылындағы Уба өзенінің, шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В. Е. Чернецкий) "Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы Уба өзенінің, шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу" жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы "11" 02.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы | |
______________ | Ғ. Сүлейменов |
2015 жылғы "10" 02.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "9" ақпандағы № 31 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласы және Октябрьское ауылындағы Уба өзенінің, шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Ескертпе:Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы Уба өзенінің, шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.