Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жіктеу тәртібін және шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы N 49 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 сәуірде N 3845 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі және шарттары бекітілсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "6" наурыздағы
№ 49 қаулысымен бекітілді

Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі және шарттары

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi, сондай-ақ, қарқындылығына байланысты автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттiк уәкiлеттi органға автомобиль жолын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары тiзбесiне енгiзу туралы материалдарды келiсуге жiбереді.
      Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылданғанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
      3. Жазбаша келiсiм алғаннан кейiн автомобиль жолы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады