Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың 2015 жылға арналған көлемдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 03 маусымдағы N 135 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 маусымда N 3997 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың 2015 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариаланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "3" маусымдағы
№ 135 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың 2015 жылға арналған көлемдері

р/с №
Аудандар, қалалар атауы
Субсидиялар көлемдері, мың теңге
1
Аягөз
46490
2
Бесқарағай
109838
3
Бородулиха
545750
4
Глубокое
251617
5
Жарма
75425
6
Зайсан
115361
7
Зырян
199450
8
Катонқарағай
113259
9
Көкпекті
365765
10
Күршім
32914
11
Тарбағатай
77299
12
Үржар
409544
13
Ұлан
219644
14
Шемонаиха
300874
15
Өскемен қ.
79724
16
Семей қ.
172244
17
Риддер қ.
27810
Жиыны:
3143173

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады