Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 22.08.2022 № 18/155-VІІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Омаров |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
Г. Пинчук |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешімімен бекітілді |
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Ескерту. Қағидалары жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 23.04.2021 № 4/39-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидалар облыс елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды.
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарына мiндеттi медициналық тексерiп-қараудан өткен адамдар жіберіледі.
5. Жалпы пайдаланудағы қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) адамдардың алып жүруінсіз жүрген иттер мен мысықтар, иелері байлап қалдырғандарынан басқа, қаңғыбас деп есептеліп, аулануға жатады.
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізінде жүргізіле алады.
7. Қаңғыбас иттер мен мысықтар:
тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында;
олардың санын реттеу:
иелеріне қайтару;
оларды орналастыру мақсатында ауланады.
8. Жергілікті атқарушы органдар ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды, олардың тиесiлiгi анықталғанға дейін, оларды бағу үшiн қажеттi жағдайы бар адамға тапсыруы мүмкiн.
Егер екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса, ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эвтаназиялауға жатады.
9. Иттер мен мысықтардың өлекселерін тасымалдау қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың арнайы жабдықталған автокөлігімен жүзеге асырылады.
10. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырлар), инсинераторларда (өлекселерді өртейтін пеш) жүзеге асырылады.
11. Жол берілмейді:
тұрғын үй-жайларда, жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің қоршалған аумақтарында, иелерінің өтініштерін қоспағанда, иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға;
қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін лақтырып тастауға және оларды рұқсатсыз көмуге.
3. Осы Қағидаларды бұзғандық үшін жауапкершілік
12. Осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.