"Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/39-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 8721 болып тіркелді. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 18/155-VІІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 22.08.2022 № 18/155-VІІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4028, 2015 жылғы 21 шілдеде "Дидар", 2015 жылғы 22 шілдеде "Рудный Алтай" газеттерінде, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Анчугин
      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
Д. Рыпаков

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 4/39-VII шешіміне қосымша
  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2015 жылғы 1 шілдедегі
№ 29/363-V шешімімен бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында әзірленді.

      2. Осы Қағидалар облыс елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды.

2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.

      4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарына мiндеттi медициналық тексерiп-қараудан өткен адамдар жіберіледі.

      5. Жалпы пайдаланудағы қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) адамдардың алып жүруінсіз жүрген иттер мен мысықтар, иелері байлап қалдырғандарынан басқа, қаңғыбас деп есептеліп, аулануға жатады.

      6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізінде жүргізіле алады.

      7. Қаңғыбас иттер мен мысықтар:

      тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында;

      олардың санын реттеу:

      иелеріне қайтару;

      оларды орналастыру мақсатында ауланады.

      8. Жергілікті атқарушы органдар ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды, олардың тиесiлiгi анықталғанға дейін, оларды бағу үшiн қажеттi жағдайы бар адамға тапсыруы мүмкiн.

      Егер екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса, ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эвтаназиялауға жатады.

      9. Иттер мен мысықтардың өлекселерін тасымалдау қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың арнайы жабдықталған автокөлігімен жүзеге асырылады.

      10. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырлар), инсинераторларда (өлекселерді өртейтін пеш) жүзеге асырылады.

      11. Жол берілмейді:

      тұрғын үй-жайларда, жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің қоршалған аумақтарында, иелерінің өтініштерін қоспағанда, иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға;

      қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін лақтырып тастауға және оларды рұқсатсыз көмуге.

3. Осы Қағидаларды бұзғандық үшін жауапкершілік

      12. Осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады