Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 7 қазандағы № 32/395-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қарашада № 4222 болып тіркелді. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 18/155-VІІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 22.08.2022 № 18/155-VІІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) "Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/220-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3317, 2014 жылғы 26 мамырдағы № 58 (16995) "Дидар", 2014 жылғы 27 мамырдағы № 59 (19506) "Рудный Алтай" газеттерінде, 2014 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларында:
      "Иттер мен мысықтарды асырау шарттары" 2 бөлімінде:
      3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес, бірнеше отбасы қоныстанған тұрғын үй-жайларда, тек өз тұрғын алаңында (пәтерде тұратын барлық тұрғындардың жазбаша келісімдерімен);";
      "4. Қорытынды ережелер" бөлімі алынып тасталсын;
      2) "Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4028, 2015 жылғы 21 шілдедегі № 81 (17170) "Дидар", 2015 жылғы 22 шілдедегі № 85 (19684) "Рудный Алтай" газеттерінде, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларында:
      "1. Жалпы ережелер" бөлімінде:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында әзірленді.".
      "2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою" бөлімінде:
      3-тармақтың екінші бөлімі алынып тасталсын;
      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "5. Жалпы пайдаланудағы қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) адамдардың алып жүруінсіз жүрген иттер мен мысықтар, иелері байлап қалдырғандарынан басқа, қаңғыбас деп есептеліп, аулануға және жоюға жатады.";
      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Қаңғыбас иттер мен мысықтар:
      олардың санын реттеу:
      иелеріне қайтару;
      оларды орналастыру мақсатында ауланады.
      Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жансыздандыру дәрілік жолмен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препараттармен жүзеге асырылады.";
      "3. Осы Қағидаларды бұзғандық үшін жауапкершілік" бөлімі алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Құттыбаев
      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады