Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 37/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 3920 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 37/4-VІ шешімімен

      Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 27.11.2018 № 37/4-VІ шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 7/2 шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 14.02.2018 № 26/7-VIшешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері:

      1) Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне:

      1 аймақ бойынша – 1,3; 2 аймақ бойынша – 1,1;

      3 аймақ бойынша – 0,9; 4 аймақ бойынша – 0,7;

      2) Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге:

      1 аймақ бойынша – 1,3; 2 аймақ бойынша – 1,2;

      4 аймақ бойынша – 0,8; 5 аймақ бойынша – 0,7;

      3) бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Құрманғалиев
      Қалалық маслихаттың хатшысы А. Абакумов

  Өскемен қалалық
мәслихатының 2015 жылғы
6 сәуірдегі № 37/3-V шешіміне
қосымша

Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

Аймақ №

Түзету коэффициенті

1

1,31

2

1,33

3

1,35

4

1,38

5

1,41

6

1,44

7

1,46

8

1,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады