"Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 13854 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 4255 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "27" қараша
№ 13854 қаулысымен
бекітілген

"Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджеттің орындалуы және қалалық коммуналдық мүлікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан, егер ол заңнамаға сәйкес оған уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
      6. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекiтiледi.
      8. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 29, пошталық индексі 070019.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi,функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      13. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесініңмиссиясы: бюджеттің орындалуы, коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу болып табылады.
      14. Мiндеттерi:
      1) бюджеттік және салықтық саясатты іске асыру;
      2) жергілікті бюджеттің орындалу үрдісін жетілдіру;
      3) мемлекеттік коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану есебінен жергілікті бюджетке қосымша кірістер түсімдерін қамтамасыз ету;
      4) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      5) өткен қаржы жылына бюджеттің орындалуы туралы есепті дайындауды ұйымдастыру және оны қалалық мәслихатқа және облыстық тексеру комиссиясына қарауға енгізу;
      15. Функциялары:
      1) қалалық бюджеттің орындалуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алуды және бюджеттік есепті жүргізу, қалалық коммуналдық мүлікті, соның ішінде мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу үлестері акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару бойынша бюджеттің орындалуы саласында уәкілетті орган ретінде сөз сөйлейді;
      2) мекеме құзыретіне кіретін әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобасын әзірлейді;
      3) мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсынады, оның мүліктік құқықтарын қорғауды жүзеге асырады;
      4) бюджеттің орындалуын ұйымдастырады және бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қызметіне жетекшілік етеді;
      5) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелген бюджеттік есепке алуды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қаржыландыру жоспарларына сәйкес төлемдер бойынша түсімдердің және қаржыландырудың жинақталған жоспарын, міндеттер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
      7) міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің өтінімдерін қарайды, төлемдер бойынша түсімдер және қаржыландырудың жинақталған жоспарына, міндеттер бойынша жинақталған жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      8) төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жинақталған жоспарының сомасына міндеттер мен төлемдер бойынша барлық жекелеген қаржыландыру жоспарларының, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбір бюджеттік бағдарламасы және міндеттер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарларының жалпы сомасын сәйкестікке қалалық мемлекеттік мекемелердің жекелеген қаржыландыру жоспарларына тексеру жүргізеді;
      9) шоғырландырылған қаржылық есепті құрып облыстық бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына тапсырады;
      10) төлемдердің уақытылығын және толықтығын қамтамасыз ету үшін жоспарланатын кезеңге ақшалар ағынының болжамын жасайды, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшаның қозғалысына мониторинг жасайды;
      11) жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трансферттер түсімдерін есепке алуды жүзеге асырады, республикалық және облыстық нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп жасайды;
      12) жоғары тұрған бюджеттерден түскен несиелер мен қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, олар бойынша жоғары тұрған бюджетке несиелерді, қарыздарды және сыйақыларды қайтаруды жүзеге асырады;
      13) өткен қаржы жылына толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді жоғары тұрған бюджетке қайтаруды жүзеге асырады;
      14) қаланың бағдарлама әкімгерлерінің құралған кредиторлық және дебиторлық қарыздарын есепке алады және талдауды жүзеге асырады, белгіленген нысан бойынша жедел және нақтыланған есептерді жасайды;
      15) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері ұсынған мемлекеттік мекемелердің тауарларды, (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаларды шығындауы және түсімдердің жинақталған жоспарларын келісімдейді;
      16) қайырымдылық көмек, демеушілік, ақылы қызметтерге қолма қол ақшалардың бақылау шоттарын ашуға өтінімді қазынашылықтың аумақтық бөліміне ұсынады;
      17) корпоративтік есеп карточкасын қолданумен есеп өткізу үшін ағымдағы шот ашуға мемлекеттік мекемелерге рұқсаттама береді;
      18) қалалық бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді алуға жауапты уәкілетті орган құрастырған есептік мәліметтер негізінде қаланың кіріс бөлігіне талдау жасайды;
      19) бюджет қаражаттарын басқару бойынша жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділілін бағалауды жүзеге асыру үшін шынайы және толық ақпарат ұсынуды жүзеге асырады;
      20) қала әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау бойынша қаладағы жергілікті уәкілетті органға және ішкі бақылау бойынша уәкілетті органға қала бюджетінің орындалуы туралы есепті ұсынады;
      21) облыстық тексеру комиссиясына және қалалық маслихатқа қосымшаларымен қалалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті ұсынады;
      22) бюджеттік заңмамамен белгіленген бюджет есептемесінің басқа да түрлерін жасайды;
      23) әкімшілендірілетін төлемдер бойынша қала бюджетіне артық (қате) төленген сомаларды қайтаруды немесе аударуды жүзеге асырады;
      24) резервінің қаражаттарының пайдалану есебін жүргізеді және тиісті кезеңге қалдықтар туралы ақпаратты әкімдікке ай сайын жібереді;
      25) қаланың жергілікті атқарушы органының резервінде қарастырылған қаражаттарды бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қаулылардың жобаларына қорытынды дайындайды;
      26) акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлердің (жауапкершілігі шектеуші серіктестік) таза табыстың әкімдіктің белгілеген көлемінде үлесінен дивидендтерге аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;
      27) өзінің құзыретінің шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асырады, оны қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
      28) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысы бойынша қалалық коммуналдық меншіктің құқықтарының субъектілеріне қала әкімдігінің атынан құқықтарды жүзеге асырады;
      29) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қалалық коммуналдық мүлікті бекітеді;
      30) мемлекеттік мүлік Тізілімінде көрсету үшін коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа) есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      31) тиісті саланың қалалық уәкілетті органымен келісім бойынша шешім қабылдайды және қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланылмайтын немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын меншік шаруашылық қызмет нәтижесінде сатып алынған, берілген мүлігін алуды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
      32) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүлігін есептен шығаруды келісімдейді;
      33) қала әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекеттің қатысумен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттік пакеттерімен және мемлекеттік үлестерін басқарады;
      34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен бекітілген мәселелер тізбесі бойынша қала әкімдігі тұлғасында мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушыларының) жалпы жиналыстарында қабылдау үшін ұсынылатын шешімдер жобаларын келісімдейді;
      35) қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүлікті, соның ішінде акцияларды, жарғылық капиталда қатысу үлесін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қала әкімдігі тұлғасында қалалық коммуналдық кәсіпорындардың, мемлекет қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе қала әкімдігі тұлғасында мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың акциялар төлеміне беруді жүзеге асырады;
      36) қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүліктің құрамына акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерін сатып алуды жүзеге асырады;
      37) мүлікті қабылдау туралы шешім қабылдайды (бағасының көлемі он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мүліктен басқазаңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерін қоспағанда) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен қарастырылған негіздемелер бойынша қалалық коммуналдық мүліктің құрамына мүлікті қабылдауды ұйымдастырады;
      38) облыстық коммуналдық мүліктің деңгейіне қалалық коммуналдық мүлікті беру туралы шешім қабылдайды (бағасының көлемі он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мүліктен басқа қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерін қоспағанда), соның ішінде өтеусіз пайдалану, мүліктік жалға (жалдауға), заңнамаға сәйкес сенімді басқару;
      39) қалалық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы шешім қабылдайды (қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерін қоспағанда), соның ішінде оны өтеусіз пайдалануға, мүліктік жалға (жалдауға беру), сенімді басқаруға беру туралы;
      40) қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады (тұрғын үй қорынан басқа), соның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалдық етушіні қатыстырады, мүлік алу түрлерін таңдау бойынша белгілерді анықтайды, жекешелендірудің талаптарын, нысанын және түрін анықтайды, жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру нысанын сатып алу-сатуға шарт жасайды және сатып алу-сатуға шартының орындалуын бақылайды;
      41) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша саудаларды өткізу туралы хабарландыруды жариялау үшін мерзімдік басылым шығарылымын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурс өткізеді;
      42) қалалық коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа) соңынан сатып алу құқығынсыз жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға, мүліктік жалға (жалдауға), сенімді басқаруға соңынан сатып алу құқығымен немесе меншікке соңынан беру құқығымен өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне береді;
      43) сатып алу-сату, өтеусіз пайдалану, мүліктік жалға беру (жалдауға беру), сенімді басқару шарттарын жасайдыжәне шарттар талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асырады (тұрғын үй қорынан басқа);
      44) жеке негіздемелер бойынша коммуналдық меншікке айналған (түскен) мүлікті қалалық коммуналдық меншікке (тұрғын үй қорынан басқа) есепке алуды, сақтауды, бағалауды және әрі қарай пайдалануды ұйымдастырады;
      45) қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын бекітеді, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      46) мемлекеттік мүлік бойынша орталық өкілетті органның құзыретіне ұқсас шешім қабылдау өкілеттілігін жүзеге асырады;
      47) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
      16. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) қалалық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және басқару;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      3) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінен бухгалтерлік, қаржылық және мекеменің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша бюджеттің орындалуын ұйымдастыру, коммуналдық мүлікті басқару үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      4) белгіленген тәртіпте қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің өтінімдерін қабылдамау;
      5) оларға берілген қалалық коммуналдық меншіктің мүлігін заңды және жеке тұлғалардың тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру (тұрғын үй қорынан басқа);
      6) қалалық коммуналдық меншікке қатыстырылған мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың басқару органдарының қызметіне қатысу;
      7) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық мекемелерде мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету;
      8) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.

3. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      17. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде кеңестерді белгіленген тәртіпте шақырады;
      3) мекеме жұмыскерлерінің өкілеттіліктерін анықтайды;
      4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оған мүлкi меншік иесімен берілген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады