Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 8226 "Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 13608 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 желтоқсанда № 4258 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729, 804-баптарына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 13 қарашадағы № 8226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 тіркелген, 2015 жылы 8 қаңтарда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
      15-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасау;";
      16-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;";
      19-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "19. "Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртпте кеңестер шақырады;
      3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
      4) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      6) қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады